Маңғыстаудағы әйнекпластикалық құбырлар жасау зауытының алғашқы өнімдері Қаламқас кенішіне жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстаудағы әйнекпластикалық құбырлар жасау зауытының алғашқы өнімдері Қаламқас кенішіне жеткізілді

Маңғыстаудағы әйнекпластикалық құбырлар жасау зауытының алғашқы өнімдері Қаламқас кенішіне жеткізілді

Маңғыстаудағы әйнекпластикалық құбырлар жасау зауытының алғашқы өнімдері "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ-на қарасты Қаламқас кенішіне жеткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2003
  • 638
Фото - Caravan.kz

Қазіргі мұнай кеніштерінде мұнай өндіруде осындай құбырлар қажеттігі арта түсуде. Металл қоспасының арнайы жұқа қабатымен қапталған әйнекпластикалық құбырлардың пайдаланылу мерзімі 35 жылға дейін болса, қарапайым құрыштан жасалған құбырлар жергілікті климаттық ахуалда бірнеше жыл ғана әжетке жарап отыр.

Әйнекпластикалық құбырлар өндіретін зауыттың алғашқы өнімдерінің сынамалық партиясы өткен ақпан айында шықарылған. Зауытқа арналған жабдықтар Американың «МГ Интернейшнл» фирмасынан сатып алынды.
Зауытта негізгі өнім болып табылатын құбырлармен қатар фитингтер мен 9 метрлік құбырларды қосуға арналған айналдырғыш муфта-коленкалар шығарылады.
Жылына 250 шақырымдық құбыр өндіре алатын кәсіпорынның сметалық құны 500 млн. теңгені құрады. Зауытты салу жөніндегі тапсырыс иесі «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ болса, бас мердігер — «Маңғыстаумұнара» ЖШС болды. Зауыт 2002-2003-жылдарда салынды.

Соңғы жаңалықтар