Маңғыстаудағы азот тыңайтқыштары зауытында 2003-жылдың қараша-желтоқсан айларында 10 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстаудағы азот тыңайтқыштары зауытында 2003-жылдың қараша-желтоқсан айларында 10 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндірілді

Маңғыстаудағы азот тыңайтқыштары зауытында 2003-жылдың қараша-желтоқсан айларында 10 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндірілді

Маңғыстаудағы азот тыңайтқыштары зауытында 2003-жылдың қараша-желтоқсан айларында 10 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндірілді, оның 3 мың тоннасы Қытайға экспортталды. Бұл туралы облыстық әкімшілікте өткен кеңесте Маңғыстау облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы Әділбек Көшеров хабарлады,- дейді KZ-today тілшісі.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 2319
Фото - Caravan.kz

Азот тыңайтқыштарын өндіру зауыты мен химиялық гидро-металлургиялық зауыт «Ақтал ЛТД» ЖШС-інің иелігінде. Кәсіпорындар жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарынан кейін өткен жылдың қараша айында іске қосылған. 2003-жылдың соңына дейін Қытайға 30 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар жөнелту көзделген болатын. Алайда, Қазақстан-Қытай шекарасында вагондар жиналып қалу салдарынан небәрі 3 мың тонна жіберуге мүмкіндік туды.

Қазіргі таңда азот тыңайтқыштары зауытының қоймалары тауарға толы. Кәсіпорындағылардың айтуынша, өнімді еліміз нарығында сату мүмкін болмай отыр. Оған себеп, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің төлемдік қабілеті төмен. Ал ауылдарды қолдау жөніндегі үш жылдық бағдарламада мемлекет тарапынан қаржыландыру қарастырылмаған. Өткен жылдың желтоқсан айында өнім өтпей қалуы салдарынан зауыттар жұмысы қайтадан тоқтатылды.
Дегенмен, Ә.Көшеров осындай ахуал жуырда өзгереді дегенге сенімді. Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айында Қытайға 13 мың тонна тыңайтқыш жөнелту жайында келісім бар. 2004-жылғы өнім сату шарты бойынша ай сайын 25 мың тонна өнім жөнелтіп отыру көзделген. Ол мөлшер барған сайын арта түспек.
«Ақтал ЛТД» ЖШС мен «Қазфосфат» ЖШС 2003-жылы зауыттарды жөндеу және реконструкциялау жұмыстарына 12 млн. доллар жұмсады. Алдағы уақытта кәсіпорындарда диаммонийфосфат атты тыңайтқыштың тағы бір түрін өндіру межеленген. Бұл тыңайтқыш тек ауылшаруашылығында ғана емес, басқа салаларда да қолданылады.

Соңғы жаңалықтар