Жарияланды: 410

Маңғыстаудағы тәртіп сақшылары арасында болған төбелеске қатысты жаңа дерек анықталды

Маңғыстау облысында тәртіп сақшылары арасында болған төбелеске қатысты жаңа дерек анықталды. Лейтенант Әбдрахман Шәленовтың өліміне Бейнеу аудандық Ішкі істер басқармасы бастығы себепкер болыпты. Арнай тексеру жүргізген Қаржы полициясы осындай қорытынды шығарып отыр. Басшыға бір емес, бірнеше айып қатарына тағылған. 

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазанында кәсіби мерекесін кафеде атап өткен бейнеулік сақшылар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаға жыртыс Шәленовтың өлімімен аяқталған-ды. Марқұмның туыстары бұған аудандық Ішкі істер басқармасы бастығы Арыстан Борановты кінәлаған. Алайда облыстық Ішкі істер департаменті әубаста-ақ «төбелесті Шәленовтің өзі бастаған» деген болжам жасапты. Содан қылмысты тергеу Қаржы полициясына өткізілген. Нәтижесінде аудандық полиция жетекшісіне үш бірдей айыппен қылмыстық іс қозғалып отыр.

Шатақ Өтеев, Маңғыстау облыстық ЭҚСЖҚК департаменті бастығының орынбасары:

- Ішкі істер басқарма бастығына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде өзінің қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін. Ол қызметкер бүгінгі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін