Маңғыстау-Форт Шевченко бағытындағы темір жол тармағының құрылысы 2006-жылы басталады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау-Форт Шевченко бағытындағы темір жол тармағының құрылысы 2006-жылы басталады деп күтілуде

Маңғыстау-Форт Шевченко бағытындағы темір жол тармағының құрылысы 2006-жылы басталады деп күтілуде

Маңғыстау-Форт Шевченко бағытындағы темір жол тармағының құрылысы 2006-жылы басталады деп күтілуде. Мұндай шешімді облыстың Маңғыстау ауданындағы жүк тасымалы көлемінің арта түсуіне байланысты республика үкіметі қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Форт Шевченко қаласының әкімшілігінен.

  • 23 Қараша 2004
  • 694
Фото - Caravan.kz

Темір жол тармағының ұзындығы 134 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарына арналған қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Бүгінде іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жер жағдайы мен жүк ағынының потенциалы зерттелуде.

Қалалық әкімшіліктен хабарлағанындай, темір жол құрылысын салудың үш түрлі үлгісі қарастырылды. Форт Шевченко қаласының басшылығы шойын жол тармағын «Саура» карьері арқылы тарту туралы ұсыныс жасады. Сонымен бірге жұмысты Маңғыстау бекетінен немесе Шетпе ауылына бастау жөніндегі үлгілер де қарастырылған. Мамандардың пайымдауынша, жер бедерінің сәйкестігіне байланысты ең қолайлысы — Маңғыстау бекетінен басталатын бағыт деп саналуда.

Перейти к новостям спорта