Маңғыстаулық кеденшілер "Каспиан Оффшор Констракшн" компаниясын 50 млн. теңге мөлшерінде салық төлеуден жалтарды деп айыптауда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстаулық кеденшілер "Каспиан Оффшор Констракшн" компаниясын 50 млн. теңге мөлшерінде салық төлеуден жалтарды деп айыптауда

Маңғыстаулық кеденшілер "Каспиан Оффшор Констракшн" компаниясын 50 млн. теңге мөлшерінде салық төлеуден жалтарды деп айыптауда

Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің қылмыс және құқық бұзушылықпен күрес басқармасы "Каспиан Оффшор Констракшн" ЖШС-ін 50 млн. теңге мөлшерінде салық төлеуден жалтарды деп айыптауда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Маусым 2004
  • 577
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, «Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС 2004-жылдың ақпан-наурыз айларында республика аумағына кемелер сатып әкелген. Оларды кедендік төлемдер мен салықтардан толық босату жөніндегі кедендік режимге сәйкес рәсімдеген.

Тексеру барысында белгілі болғанындай, бұл фирма Солтүстік Каспий жобалары бойынша өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім шеңберінде мұнай операцияларын жүзеге асырушы компаниялар санатында жоқ. Сол себепті компания сатып әкелген кемелер үшін ҚР үкіметінің «Кедендік баж салықтары мен салықтардан уақытша толық босатылатын елімізге әкелінетін және кедендік баж салықтары мен салықтардан уақытша толық босатылатын елден шығарылатын тауарлардың тізімін бекіту туралы» Қаулысының құзыры жүрмейді. Демек, «Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС кедендік төлемдер мен салықтан босату құқығына ие бола алмайды. Кәсіпорын қызметкерлерінің заң іс-қызметі салдарынан кедендік төлемдер мен салықтан жалтаруға байланысты мемлекетке 50 млн. теңгенің шығыны келді.
Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің қылмыс және құқық бұзушылықпен күрес басқармасы аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Кедендік төлемдер мен алым-салықтардан жалтару» жөніндегі бабы бойынша «Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС-не қатысты 2 қылмыстық істі тексеруде.