"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млн-нан астам тонна мұнай өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млн-нан астам тонна мұнай өндірді

"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млн-нан астам тонна мұнай өндірді

"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млн-нан астам тонна мұнай өндірді. Бұл туралы компанияның ресми ақпаратында айтылған.

  • 24 Маусым 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

Соның ішінде жоспардан артық 100 мың тонна мұнай шығарылды. Өткен жылдың осы мерзімінде компания 1 млн. 858 мың 620 тонна мұнай өндірген болатын.

Компанияның мәліметтеріне жүгінсек, тек биылғы мамыр айының өзінде
«Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармалары 708 мың 350 тонна мұнай өндірді. Бұл — жоспарлаған көлемнен 20 мың 750 тоннаға артық. 2002-жылдың мамырында компания өнімі 392 мың 250 тоннаны құраған болатын.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясы 2003-жылы 4,7 млн. тонна мұнай өндіруді межелеп отыр, бұл — өткен жылғы деңгейден 300 мың тоннаға артық.

Соңғы жаңалықтар