"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясының акцияларының бақылау пакеті екі аптаның ішінде мемлекет меншігіне тапсырылады - Бүркітбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясының акцияларының бақылау пакеті екі аптаның ішінде мемлекет меншігіне тапсырылады - Бүркітбаев

"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясының акцияларының бақылау пакеті екі аптаның ішінде мемлекет меншігіне тапсырылады - Бүркітбаев

Ақтау. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясының акцияларының бақылау пакеті екі аптаның ішінде мемлекет меншігіне тапсырылады. Бұл туралы компанияның кеңсесінде өткен жиналыс барысында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Серік Бүркітбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми баспасөзге сілтеме жасай отырып.

  • 11 Тамыз 2008
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Кеше біз мәміленің негізгі қаржылық-экономикалық параметрлері туралы кезекті сатыдағы келісімге қол қойдық. Барлық бағалық және техникалық параметрлер келісілді», — деді С. Бүркітбаев.

Ол екі аптаның ішінде техникалық уағдаластықтар аяқталатынын және мәміле жасалатынына сендірді.

Осылайша, компания бүгінгі күннен бастап іс жүзінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы атынан мемлекет басқаруында, деп атап көрсетті ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар