"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясының акцияларының бақылау пакеті екі аптаның ішінде мемлекет меншігіне тапсырылады - Бүркітбаев

"Кеше біз мәміленің негізгі қаржылық-экономикалық параметрлері туралы кезекті сатыдағы келісімге қол қойдық. Барлық бағалық және техникалық параметрлер келісілді", - деді С. Бүркітбаев.

Ол екі аптаның ішінде техникалық уағдаластықтар аяқталатынын және мәміле жасалатынына сендірді.

Осылайша, компания бүгінгі күннен бастап іс жүзінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы атынан мемлекет басқаруында, деп атап көрсетті ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.