"Маңғыстаумұнайгаздың" бөлімшелері 2004-жылы 5 млн. тоннадан астам мұнай өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маңғыстаумұнайгаздың" бөлімшелері 2004-жылы 5 млн. тоннадан астам мұнай өндірді

"Маңғыстаумұнайгаздың" бөлімшелері 2004-жылы 5 млн. тоннадан астам мұнай өндірді

2004-жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіруші "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ компаниясының өндірістік басқармасы 5, 255 млн. тонна мұнай өндірді. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 431 мың тоннаға артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қаңтар 2005
  • 846
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы 3, 835 млн. тонна, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы 1,42 млн. тонна көмірсутегі шикізатын өндірді.

Компания басшылығының пікірінше, мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұңғы қорларын пайдалану жұмыстары түрткі болды. Атап айтсақ, 2004-жылы бұған дейін жұмыссыз тұрған 100 ұңғы іске қосылды. Соның ішінде «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында 85 ұңғы іске қосылды.
2005-жылдың басынан бері ААҚ бойынша орташа тәуліктік мұнай өндіру нормасы ұлғайтылды. Мәселен, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында орташа тәуліктік мұнай өндіру нормасы 11 мың тоннаға, ал «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында 4,2 мың тоннаға жеткізілді. Бұл 2004-жылғы желтоқсан айындағыдан 150-200 тоннаға артық.
Ал 2005-жылы «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ 5,5 млн. тонна мұнай өндіруді көздеп отыр.
«Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ 15 кенішті игереді. Бұл кеніштердегі жалпы мұнай қоры 960 млн. тоннаны, алынатын қор 180 млн. тоннаны құрайды. Негізгі акционер — Индонезияның Cenral Asia Petroleum Ltd. компаниясы.
Қазіргі жағдаймен акционерлік қоғам мен оның еншілес компанияларында 13 мыңдай адам жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта