Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Сұрауы бар" ютуб арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Экс-депутат өзі сияқты адал және таза жұмыс жасайтындарды білмейтінін айтты. Ол сыбайлас жемқорлықпен күрес әділетсіз өтіп жатыр деді.
— Генерал Ерғожиннің өзінен 3 миллиардтап доллар табылыпты. Қатардағы оныншы, жиырмасыншы сапта тұрған осы ұры жүйенің бірі.
Ол жайлы ақырын тергеу органдарынан айтылып жатыр. Білетін, сенімді азаматтар айтып жатыр. Қалған генералдар қаншама, Саматта қаншама, басқаларында қаншама. Енді, сыбайлас жемқорлықпен шынайы басталса, біздің бюджет доллардың астында қалу керек. Ақшаны қайда жұмсайды деген ең басты проблема шығар еді. Ондай проблема жоқ. Қанішерлердің аты аталған жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүріп жатыр. Бюджетке айтарлықтай ақша түсіп жатқан жоқ.
Демек, барлығы ақырын-ақырын тормозбен кетіп бара жатыр. Бұл — Тоқаев үшін өте қауіпті жағдай, дейді.