Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
1984 жылы туған Қазыбек Салихов 20 қаңтар күні атылып өлген. Ал 24 қаңтар күні полицияға 13 жастағы қыз балаға жыныстық зорлық жасалғаны туралы арыз түскен. Тексеру барысында өзіне қол салған өгей әкенің осындай айуандыққа барғаны анықталған. Марқұм соңғы уақытта еш жерде жұмыс істемепті. Бұрын сотты болмаған. Сондай-ақ психиатрия және наркологияда есепте тұрмаған.
Әйгерім Ибадуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Полиция ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі — кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кәмелетке толмағанның құқығы мен заңды мүддесін қорғау қамтылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді.