Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кен орнында 6 айға созылған өрттің шығынын жер қойнауын пайдаланушы өтейді.
Атап айтқанда «БузачиНефть» ЖШС мемлекетке 2,2 млрд теңге төлеуге міндеттелді. Былтыр 17 желтоқсанда залалдың 270 млн теңгесі мемлекет кірісіне түсті.
«Бұдан басқа, бұған дейін экологиялық нормаларды бұзғаны үшін «БузачиНефть» ЖШС-не 362 млн теңге айыппұл салынған, ол толық төленді», — деп жазылған ведомство хабарламасында.