Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалған: қаза тапқандар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 510.95
  • 594.49
-11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалған: қаза тапқандар бар

Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалған: қаза тапқандар бар

Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып, төрт адам қаза тапты

  • 16 Қаңтар
  • 1
ФОТО: Tengrinews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда сағат 1:03 шамасында KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» тасжолының 383-шақырымында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіне аударылған. Көлік салонында 48 жолаушы болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді», — делінген Маңғыстау облысы ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.