Маңғыстау облысында жолда қалған жүк көліктері құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жолда қалған жүк көліктері құтқарылды

Маңғыстау облысында жолда қалған жүк көліктері құтқарылды

Маңғыстау облысында жолаушылары бар 13 жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды.

  • 16 Желтоқсан 2024
  • 13
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау облысының 112 қызметіне жолаушылары бар 13 көліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарды алысымен құтқарушылар Жетібай-Жаңаөзен тас жолының 204 шақырымына дереу жолға шықты.

«Жүк көліктері жолдың тазартылған бөлігіне сүйретіліп шығарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек және эвакуация қажет болмады», — деп жазылған хабарламада.