Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды

Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды

Жаңаөзен қаласы Теңге ауылынан 500 шақырым жерде мұнай ұңғымасында апат болды.

  • 11 Маусым
  • 11
Фото:видеодан алынған скрин

Бұл туралы Маңғыстау облысының Экология департаменті хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желілерде тараған болатын.

— Атап айтқанда, төтенше жағдай сағат 8:30 шамасында «Petro НефтеГазсервис» ЖШС-нің № 553 скважинасы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында болған. 
Тиісінше, сағат 8:40–та мекеме қажетті іс-шараларды қабылдап, төтенше жағдай оқшауланған. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі аталған аумаққа апаттан қаншалықты зиян келгенін зерттеп жатыр, — делінген хабарламада.

Өлшемдер қорытындысы мен қабылданған шаралар қосымша хабарланады.