Алғашқы жиынға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз»АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «КазПошта»АҚ, «ҚазТеңізТрансФлот» ұлттық теңіз кеме жасау компаниясы» ЖШС, «ОйлСервисКомпани» ЖШС және т.б. кәсіпорындары жанынан құралған жас мамандар кеңесінің жетекшілері мен белсенділері қатысты. Кеңес отырысына келгендер аймақтағы мемлекеттік жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жобалармен танысып, кәсіпорындардағы жас мамандарды қолдау шаралары жөнінде әңгіме өрбітті. Сонымен қатар аймақтағы жас маман кеңесінің жұмысын жүйелендіру мәселесі де, сөз болды. Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Мұқаш Оралбайдың айтуынша, биыл облыста өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс істейтін жас мамандарға қолдау көрсету, жас мамандар кеңесінің жұмысын жандандыруға дең қойылып отыр. Бұл өз кезеңінде жас мамандардың бірлесуіне, әлеуметтік идеяларының орындалуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға өзара ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Бұл жоба «Риза-Ана» қоғамдық қоры Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысымен ұйымдастырып отыр.