Маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады - Тоқаев

Маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады - Тоқаев

 

  • 19 Сәуiр 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір маңызды инвестициялық жобаға прокурор тағайындау қажеттігін мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте айтты.

"Әрбір маңызды инвестициялық жобаны прокуратура қызметкерлері сүйемелдеуі қажет деп есептеймін. Бұл ұжымдық жауапкершілік жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілерді дұрыс емес шешім қабылдаймын деген үрейден арылтады.

Мұндай шара инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға тиіс және шетелдік кәсіпкерлердің инвестицияларының қауіпсіздігіне кепіл болады. Мұның бәрі біздің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп есептеймін", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Перейти к новостям спорта