Бұл туралы KZ-today тілшісіне ВВС ақпараттарынан мәлім болды.
Сондай-ақ, сот О.Зезевтің М.Блумбергке төлеуге тиіс өтемақысының көлемін 955 мың доллар деп белгіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хакерлер 2000-жылы Bloomberg қаржылық жаңалықтар агенттігінің Американдық қызметінің серверін бұзған болатын. Соның нәтижесінде компанияның негізін қалаушы Майкл Блумбергтің жеке басына қатысты құпия ақпаратты тауып алған О.Зезев пен Игорь Яримака егер 200 мың доллар төлемесең ақпаратты жариялаймыз деп М.Блумбергті бопсалаған көрінеді.
Лондондағы Хилтон қонақ үйінде талап етілген ақшаны алу үстінде хакерлер қолға түсті.