«Бұл анимациялық фильм Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ғана емес, Бауыржан Момышұлының да ерлiгi туралы. Ол неше минуттық болатынын қазiр айта алмаймын. Ол жобаны Қазақфильм акционерлiк қоғамы ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң мемлекеттiк тапсырысы бойынша жасауда. Бұл фильмдi 9 мамырда көремiз деген үмiт бар», — дедi ол.
Оның айтуынша, мультфильм елдегi бiрнеше ұлттық арналардан көрсетiледi.
Сонымен қатар биыл «Анаға апарар жол» атты фильм түсiру жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған бiрқатар деректi фильмдердi түсiру жұмыстары жүргiзiліп жатыр.