Сот 42 жастағы Сунь Биннің Бейжің қаласының орталығындағы Тяньаньмэнь алаңында орнатылған Маоның үлкен портретіне бояу төккенін анықтады. Айыпталушы азамат оқиға орнында ұсталды. Ол сотта өз кінәсін мойындаған.
Бұл оқиға өткен жылдың көктемінде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайын өтетін сессиясы кезінде болған. Суннің бұл әрекетіне не себеп болғаны туралы хабарланбайды. Портрет тез тазаланып, қалпына келтірілген.
Сунь бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Түрмеден портретке бояу төккен оқиғаға дейін босатылған екен.