Мақаншы және Үшарал шекара жасағының Ми-8 тікұшағын іздестіру шаралары нәтиже берген жоқ
![]() |
24 қарашада Алматы облысында жоғалып кеткен Ми-8Т тікұшағын іздестіру жалғасуда, деп хабарлады ҚР ТМЖ-нің баспасөз қызметі. |
Құтқарушылар хабарлағандай, кеше ВЧ-9807 тікұшағымен тау шатқалы мен Алакөл көлінің батыс жағалауы Көктума ауылынан оңтүстік жағалауға дейін тексерілді. «Еуро-Азия-Эйр» тікұшағымен Сасықкөл көлінің солтүстігі учаскесі және Алакөл көлінің шығыс жағалауы тексерілді.
ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД «Семсер» ЖШС және жедел-құтқару жасағының жерүсті күшімен Көктума ауылынан Алакөл көлінің оңтүстік жағалауына дейін учаске тексерілді.
ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметі эхолоттың көмегімен 2 қайықпен Ақшы ауылынан 50 метр қашықтықтағы Алакөл көлінің батыс жағалауының оңтүстік бөлігіне дейінгі аралықты қарап шықты.
Мақаншы және Үшарал шекара жасағымен жаяу түрде Алакөл көлінің солтүстік жағалауы тексерілді. «Қазтрансойл» АҚ мен әкімдіктің күшімен жаяу түрде Алакөл көлінің батыс бөлігінен жағалау жүйесі мен «Заячья губа» учаскесі тексерілді.
Әкімдіктің күшімен атпен «Көл асу» шатқалы тексерілді. Іздестіру шараларына 2 тікұшақ (2 рет тексеру жұмыстарын атқарды), 95 адам, 8 техника, 2 қайық, 8 ат тартылды. Іздестіру жұмыстары бүгін сағат 06. 00-де қайта жанданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін