Мақпал Жүнісова: Анам “Мен тірі тұрғанда күйеуге тимейсің", - деді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақпал Жүнісова: Анам “Мен тірі тұрғанда күйеуге тимейсің", - деді

Мақпал Жүнісова: Анам “Мен тірі тұрғанда күйеуге тимейсің", - деді

Мақпал Жүнісова бар ғұмырын өнер мен отбасына арнаған жан. Тіпті жолдасы марқұм болса да, оның орнын ешкім баса алмады дейді. Анасы да екінші рет тұрмысқы шығуға тыйым салған соң бұл тақырыпты біржола жапқан

  • 15 Қазан 2021
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

“Зәкеңнің қайтқанына 15 жыл болды. Ол маған әлі тірі секілді. Архив бар, суреттер бар. Әлі тірі жүрген секілді. Қызымды күйеуге берсем, соңынан өзім де ұзатыламын деп әзілдеймін. Бірақ қазір маған кім қарайды? Жасым 56-да. Зәкең қайтқанда 41 жаста едім. 42-ге қараған шағым. Содан бері ешбір азамат келіп, “Мен саған ғашықпын. Маған тұрмысқа шық. Жүр менімен” деген емес. Ешкім ондай батырлық жасаған жоқ”, – деді әнші. 

Халық әртісінің анасы қатаң тыйым салып, өз ақылын айтқан. Бұл сөзді қызы да жөн көрген екен. 

“Анам да айтты: “Мен тірі тұрғанда күйеуге тимейсің. Біз де жесір қалдық. Өлген жоқпыз. Балаларды жеткізуді ойладық. Сен де қызыңды ойла” деді. Анам 47 жасында әкемнен айырылған. Солай тұрмыс құрмады. Мен де бұл тақырыпқа нүкте қойғанмын”, – деді халық әншісі “Менің өмірім” бағдарламасында.

Заманбек Нұрқаділовтен кейін ешбір азаматпен бас қосу мүмкін еместей көрінеді. Бұл әншінің сөзі. Марқұм жолдасымен барлық ер азаматты салыстырады. Одан аса алмайтынын біледі. 


“Зәкеңмен салыстырып тұрамын. Маған одан артық азамат жоқ. Күйеуге тисем де, ол маған ұнамай тұрар. Себебі, салыстыру болады. Тағы ажырасып жатсаң, жақсы атақ емес. Сондықтан қазір мен немере бағатын уақыттамын. Маған содан асқан бақыт жоқ”, – деді Мақпал Жүнісова.