Танымал әнші Мақпал Жүнісова белгісіз жігіттің суретін өзінің жеке парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бұлбұл әнші «құшақтап тұрған жігіттен сурет келді» деп қуана жазыпты.
Дегенмен бұл суретте анайы ештеңе жоқ. Тек жас әншінің танымал өнер адамына деген сый құрметі ғана байқалады. Желіде суретті көргендер «құшақтап тұрған ана баладан қызғанып тұрмыз» деп әзілдесе, көпшілігі Мақпалдың ашық жарқын мінезі мен әдемілігіне тамсанып, ризашылығын білдірген.
Ал аталған сурет былтыр өткен «Алматы моя первая любовь» концертінде түсірлген көрінеді. Ондағы жігіт жас әншілердің бірі болса керек.