Caravan.kz медиа порталының тілшісі белгілі экономист Мақсат Халықпен жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде ой өрбітті.
— Қоғамда пара алушылық азаймай тұр. Ұсталып, жазасын тартып жатқандар да аз емес. Дегенмен жемқорлық қылмыс неге тыйылмай тұр деп ойлайсыз?
— Соңғы уақыттарда Agile-трансформация мәліметі шықты әлем бойынша жемқорлық жағынан. 180 мемлекеттің ішінде Қазақстан әрдайым 120-шы орыннан әрі жүретін, одан да кейінгі орындарда болған кездер болды. Ал енді осы жылы жаңа ақпарат шықты, Қазақстан 96-шы орынға жылжыпты. Демек, елде сыбайлас жемқорлық азайып жатыр деген сөз. Қазіргі таңда көп ұсталып жатқандар бар, меніңше бұл жасалып жатқан жұмыстардың жемісі болса керек деп ойлаймын. Дегенмен, менің ойымша елімізде сыбайлас жемқорлықтың азаюына көлеңкелі экономика деп жатамыз, сол көлеңкелі экономиканың азаюына әсер етіп жатқан фактор бұл – цифрлық экономиканың құрылуымен, ақшаның қазір электронды іздерінің сақталуымен жүзеге аса бастады деп ойлаймын. Соңғы уақыттарда, әсіресе банктік аударымдардың, онлайн аударымдардың, онлайн банкингтің дамуы біраз көлеңкедегі экономиканы жарыққа шығарып жатыр. Қазір көптеген азамттар қолма қол ақшаны ұстамайды. Бәрі аударымдарды пайдаланады, карточкадағы аударымдарды пайдаланады. Осы жағдайлардың барлығы соңғы уақыттарда жалпы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға өзінің септігін тигізіп отыр. Бірден айту керек, мысалға нақты статистиканы келтіретін болсам, 1-2 жылғы мәлімет жалпы көлеңкелі экономика ішкі өнімнің 30 пайызына пара пар еді. Жалпы ішкі өніміміз өткен жылда 70 триллион теңгеге жуық болды. Оның 30 пайызы 21 триллион теңгеден асып жығылатын. Ал осы жылдың басында өткен жылдың қорытындысы шықты. Ол жерде көлеңкелі экономиканың үлесі 23 пайызға дейін азайыпты. Бұл деген сөз белгілі бір дәрежеде 10 тенденцияны көрсетеді. Алдағы уақытта егерде осындай бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болса және онлайн банкинг аударымдарына нақты кедергі келтірмесе, салық органдары аударымдарға да салық салайық деп жатыр, меніңше оған әлі ертерек. Толығымен көлеңкелі экономиканы азайтқаннан кейін ғана барып ол мәселені көтеруге болады деп ойлаймын.
— Өз тарапыңыздан жемқорлықпен күресудің қандай жолын ұсынар едіңіз? Мүмкін идеяңыз бар шығар дегендей…
— Өте орынды сұрақ. Мен тек қана сыбайлас жемқорлықтың аясында емес, жалпы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуды көздеймін. Сол бағыттағы жұмыстар ретінде цифрлық бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдаймын. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таба беруі керек. Және де қарапайым ғана көрші елде мынадай техника қолданылады екен. Мысалы, Қытайдың өзінде әрбір супермаркеттен шыққаннан кейін НДС деген бар, құн салығының екі пайызын бонус ретінде қайтарып береді екен. Бізде де осындай техника болса, онда азаматтарымыз өзінің тұтынушылық құқығын әлде қайда жоғары дәрежеде пайдаланар еді. Әрбір түбіртекті суретке түсіріп, тиісті мекемеге түсірсе, бізде 12 пайыз НДС, соның екі пайызы бонус ретінде қайтып отырса онда азаматтарымыздың бәрі жүрген жерінде түбіртек сұрайтын еді. Онда ақшаның айналымында әрі фискалды түрде бекітіліп, заңдастырылған түрде мөлдір, таза ақша айналымына өтетін еді. Бұл жағдай белгілі дәрежеде ақшаның көлеңкеден шығуына ықпалын, септігін тигізер еді. Және де қолма қол ақша болсын, басқа жерлерде осындай түбіртекті талап ету мәселесі біраз сыбайлас жемқорлықты да ауыздықтайтын еді деп ойлаймын. Сондай ақ, Грузия мемлекетінде де өте кең тараған бір үлгі бар. Мысалға, кез келген бизнес субьектісі салықтық органдармен жүзбе-жүз ешқашан ұшыраспайды. Барлығын онлайн, цифрлық форматта шешеді. Бізде көбінес ондай тенденция болмайды, бізде көбінесе салықтық органдар кәсіпкерлерді өздерінің бөлімшелеріне шақырып алып, сол жерде оларға сын көрсетеді, сізге мынадай айыппұл төлеу керек дейді. Егерде осы бір қаражаттың оннан бір бөлігін бізге беріп кетсеңіз, онда бұдан сізді босатамыз деген мәселелер айтылады. Сондықтан, бұл мәлесені де неғұрлым ешқандай құзіретті органдардың жүзбе-жүз кездесу дегенді бізде де жою керекпіз деп ойлаймын. Сонымен қатар, Мемлекеттің бюджеттің талан таражға ұшырап жататынын байқаймыз. Әсіресе өңірлерде, аймақтарда мектеп салған кезде, аурухана салған кезде мемлекетте бөлінген қаражаттың мүлдем таран таражға ұшырап кеткенін байқаймыз. Және де нәтижесінде мектептің қабырғасы құлап, ақырында балалар оқи алмайтындай дәрежеде жүреді. Неге олай? Себебі, ол процесті де блокчейн технология арқылы шешуге болады. Ол жерде де айтылып отыр, қазіргі таңда өткен жылдан бері қарай оң тенденция байқалғаны OpenBudget.kz деген сайт ашылды, сол жерде бүкіл мемлекеттің қаражатын қалай, қайда ұйымдастырылып жатқаны, қайда бөлінетіні туралы ақпарат ашық көрсетіле бастады. Тура сол сияқты менің ойымша бүкіл өңірде де, аймақта да сондай жүзеге асу қажет. Былай айтқан кезде, бюджеттің ашықтығы мемлекеттік бюджетте айқындала бастады. Ал бірақ өңірлердің, аймақтардың бюджеттердің әлі де болса 40 пайызы ғана белгілі қайда жұмсалатыны, ал қалғаны белгісіз. Сол жердегі азаматтар мемлекеттік сату арқылы жіберіп өзінің таныс тамырын, бауырын немесе досын сол жерде жұмысқа тартып деген сияқты, солардың компанияларын жеңіске жеткізіп, соларға бордюр болса да соларға жатқызып жатқан процестер орын алып жатқаны бар. Сондықтан да бұл жерде де сондай жұмыс болу керек деп ойлаймын. Одан кейін біздің халқымыздың өзінің азаматтық белсенділігі өте маңызды. Себебі, өңір мен аймақта бюджетті тексеру барысында, жалпы бюджетті құратын кезде ауыл ақсақалдарының кеңесі бар және сол өңірдегі белсенді азаматтар бар, сол азаматтар халықтың атынан әр жылдың соңында бюджетке қаражат жасалып жатқан кезде араласу керек. Ол қалай жүзеге асады, қайда жұмсалады, сол жердегі азаматтар бюджетті бөлу барысында көрсету керек. Өкінішке қарай бізде процесстің бәрі кейін болады. Және де ақшаның мақсатсыз жұмсалып қойғанын кеш біліп жатамыз. Демек, сол алдын жоспарлау процессіне азаматтар араласу керек.
— Жақын арада бір сайттан “Жемқорлық пен педофилияның өршуі – қоғамда махаббаттың жоқтығынан”, — деген пікірді көзім шалып қалды. Жемқорлықтың өршуіне қоғамдағы махаббаттың кесірі болуы мүмкін бе?
— Менің ойымша тікелей әсер етпейді, бірақ жанама түрде бәрібір әсері бар. Өйткені, қоғамдағы үлкен азаматтардың бағытты сезінуі, азматтардың өмір сүру сапасының жақсы болуы ол негізгі факторлардың бірі. Сондықтан да “Махаббатсыз дүние бос”, — деп Абай атамыз айтып кеткен. Махаббат бірінші кезекте мейіріммен ұштасады, қоғамда мейірімнің, махаббатың, имандылықтың аздығынан адамгершіліктің қарапайым қасиеттерінің аздығынан сыбайлас жемқорлық болсын, коррупция болсын , адамдарды алдау, арбау дүниелердің барлығы кең тарай береді деп есептеймін. Сондықтан бұл сұрақты жаны бар.
— Сыбайлас жемқорлықпен күресте халықтың да атсалысуы маңызды деп ойлайсыз ба?
— Ең негізгі мәселе, азаматтық белсенділік өте маңызды. Былай қарағанда, мемлекет сыбайлас жемқорлықтың агенттігін құрады, неше түрлі экономикалық қылмыс зертеу бойынша қызмет құрады, солай экономикалық ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте көп әрекеттер жасайды. Қандай бір мемлекет өзін сондай сыбайлас жемқорлыққа толы көлеңке экономикасы көп мемлекет болсын деп қалайды? Ешқандай мемлекет ондайды қаламайды. Сондықтан да олар күресетіні сөзсіз. Ал енді екінші жағы бар, халықтың өзі де бұған үлкен үлес қосу керек. Дамыған мемлекеттерде “менің салығым”, “менің дауысым”, — деген қасиетті ұғымдар бар. Осы бізде әлі жетіспей тұр. Біздің мәдениетте “менің дауысым”, — деп дауыс беруге қатты атсалыспаймыз. Көп қоғамда болып жатқан процесстерді қадағалап, оның жақсы болуына өзіміздің үлесімізді көбінесе қоспай қалатын жағдайымыз бар. Қарапайым ғана мысал, тауға шыққан кезде көп байқаймыз жастардың сол жерді ластап кететінін, қоқыс тастап кететінін оның барлығы азаматтық белсенділік, артыңнан жинап жүру, барынша түзу болу, әділ болу деген мәселелерге келіп шығады. Сондықтан менің ойымша “менің дауысым”, — деген мәселе және “менің салығым”, — деген мәселе. Өйткені, дамыған мемлекеттерде көршісін ұстап береді, мемлекетке зиян келтірді дегендей. Ал бізде ондай жағдайлар орын алып жатса, “мынау жарады, қандай ақылды адам”, — деп жатады. Сондықтан да осындай әлде де болса мәдениеттің қалыптаспай тұрған жағы бар. Бөлініп жатқан мемлекеттегі бюджеттің бөліну процесіне, аймақтағы халықтар да ат салысу керек. Бюджет бөлінгеннен кейін емес, талан таражға ұшырап кеткеннен кейін емес, оның алдында, ақша бөлініп жатқан кезде атсалысып, қарап, ақша қайда жұмсалып жатыр дегендей. Өйткені ол айналып келгенде халықтың салығынан жиналып келген қаражат. Сондықтан, менің ойымша үкіметтің белсенділігі өз алдына, халықтың да белсенді болуы өте маңызды.
— Сұхбатыңызға рақмет!