Мақсат Жақау: Спортшы жеңімпаз болып жатса, оны өмір-бақи культке айналдырудың қажеті жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақсат Жақау: Спортшы жеңімпаз болып жатса, оны өмір-бақи культке айналдырудың қажеті жоқ

Мақсат Жақау: Спортшы жеңімпаз болып жатса, оны өмір-бақи культке айналдырудың қажеті жоқ

Сыбайлас жемқорлық тақырыбы елімізде тренд сөзге айналды десе болады. Еліміз жемқорлықпен барынша күресіп, оның алдын алуға тырысуда.  Жемқорлықтың пайда болуына қандай факторлар әсер ету мүмкін?  Халықтың разы болған адамға алғыс айту дәстүрі де жемқорлыққа жата ма?

  • 24 Тамыз 2021
  • 161
Фото - Caravan.kz

Жемқорлық фактілерін хабарлағандарды ынталандыру елдің белсенділігіне әсере ете ме? Жемқорлық тыйылмауы заңның осалдығымен байланысты ма?Осы және өзге де сұрақтарға Абай атындағы ҚазҰПУ, аға оқытушысы, саясаттанушы Мақсат Жақау жауап береді.

— Сіздің ойыңызша Қазақстанда коррупция қай өңірде көп? Жемқорлықтың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?

— Елімізде жемқорлықтың пайда болуына себеп өте көп. Дегенмен, онымен күрес бағыты бірізді жолға қойылған. Алайда, ендеше неге тыйылмай тұр? деген сауал әрбір қазақстандықты ойландырады. Жемқорлықтың әдеттегідей нақты өршіген аймағы жоқ, бұл қате пікір. Және бұл бағытта арнайы рейтингті іздеудің де қажеті жоқ. Жемқорлық қай жерде адам, қызметкер, заңнан аттап, теріс әрекеттер жасайды, сол жерде орын алатын әрекет. Оның аймағы, жері, қаласы, ұлты, жынысы т.с.с. дүниелерінің болмайтын індет. Мәселе, жемқорлық тоқтаған өңірді іздеу өзекті. Егер сол аймақта жемқорлық азайып жоғалса, аймақты зерттеу обьектісіне айналыру керек. Амандық болса, сол күндерге де жетеміз.

— Біздің халық алғыс айтқанды жақсы көреді, оны тоқтатудың жолы қандай?

— Алғыс айту дұрыс, егер ол орынды болса. Шектен шығу бар мақтағанда, оны әдет пен науқанға айналдыру бар. Бұл проблема. Абай айтады, «елің, ауылың, ортақ мүддең үшін бас-аяғыңмен жұмыла кірісіп кет, түбінде халықтың алғысын да, берер ризығын да ішінен шығады». Яғни риясыз қызмет пен міндет адамның бойында болу керек. Қазір қой дейтін ақсақалдар жоқ, әй дейтін заңың жоқ. Заң болған жағдайда оны саяси тұрғыда ескерілмейді. Мысалы, марапат алғанда, көшеге, мектепке атау бергенде, жүлделі оралғанда, асыра алғыс беріп, аяғын жерге тигізбей кетеді. Бұны орынсыз алғыс деп қабылдау керек. Егер қызметкер өз қызметіне адал қызмет етсе, шеткен шығудың қажеті жоқ. Егер өнер иесі осы салада жүлделі болса, шектен тыс әсірелеп қолдаудың қайжеті жоқ. Егер спортшы жеңімпаз болып жатса, оны өмір-бақи культке айналдырудың қажеті жоқ. Түсінер едім, Усейн Болт ұқсап дара туған болса, қайта-қайта чемпион болып жатса да, біздің олимпиадашылардан әлеуметтік жағдайы төмен. Себебі, оның құндылығы мансап не байлық, мақтан емес. Бізде бір проблема бар осы жоғарыда айтқан мысалдардан. Бұл қарапайымдылықтың жоқтың-қасы. Әркімнің қоғамдағы міндетті еңбегі үшін жасағаны үшін мақтап, алғыспен көме берсек, біз бүгінгі жұлдызды ертеңгі жалғасуына балта шауып, жанбай жатып өшіреміз. Сондықтан өз басым шектен, әсіре ретсіз мақтауды қолдамаймын.

— Жемқорлық фактілерін хабарлағандарды ынталандыру туралы не айтасыз, бұл халықтың белсенділігіне әсер етеді деп ойлайсыз ба?

Біріншіден, бұл жүйе Батыста болуы мүмкін, бірақ дәстүрлі мәдениетпен өмір сүретін қоғамда бұл жүйе өз жемісін бермейді. Өйткені, не де болса, ашықауыздыққа итермелейтін әрекет, қоғамды бұзады. Одан материалдық табыс табуы мүмкін, бірақ адами абырой таппайды. Бұл ешқандай халықтың белсенділігін арттырмайды, керісінше азғырып, қоғамды ыдыратады.

— Өз тарапыңыздан жемқорлықпен күресудің қандай жолын ұсынар едіңіз? Мүмкін идеяңыз бар шығар дегендей…

— Идея көп емес, дегенмен айтайын, ең алдымен ағартушылықпен айналысу керек. Бізде қылмыстың болғанымен күресу оңай тірлік, ал алдын алу, болмауына әрекеттену ең ауыр жұмыс. Бұл бағытта идеология, халықтық дүниетаным, имандылық, тәрбие, білім, еңбек құндылықтары мықты болу керек. Қазақ қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына қапаланады. Өлімнен ұят күшті дейді. Сол себепті, біздің шығыстық менталитетке ағартушылық бағыт маңызды.

— Қалай ойлайсыз, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі өсуде ме, әлде керісінше төмендеуде ме?

— Дөп айту қиын, бірақ осыдан он жыл бұрынмен салыстырғанда анағұрлым азайған, оған факторлық себептер жеткілікті. Төмендеуде деп айтсақ қателспейміз.

— Жемқорлық тыйылмауы заңның осалдығымен байланысты дейтіндер бар? Осымен келісесіз бе?

— Әй дейтін ажасы (ескі түрік тілінде заңы деген мағынада), қой дейтін иесі жоқ деген бар. Бізде екеуі де бар, қой дейтін Үкімет, ай дейтін заң да бар. Заң осал емес, бірақ салыстырмалы түрде айтайын кешегі, Кеңестік заманда дәл осы қаржылық қылмыстан бас бостандығынан айырылғандар бірінші орында болған. Бұл қылышынан қан тамып тұрған қатаң тәртіптегі қоғамдағы көрініс. Сондықтан заң өз дәрежесінде болу керек, бірақ ең алдымен сол заңмен жүруге тәрбиелейтін азаматтық қоғамы болуы керек. Егер екеуі таразының екі жағында болмаса, осылдық орын алады.

— Сұхбатыңызға рақмет!