Мақсұт Нәрікбаев ұлттық пантеонға жерленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақсұт Нәрікбаев ұлттық пантеонға жерленді

Мақсұт Нәрікбаев ұлттық пантеонға жерленді

Бүгін Астана жұрты Мақсұт Нәрікбаевты ақтық сапарға шығарып салды. 75 жастағы профессордың денесі Елордадағы ұлттық пантеонға жерленді.

  • 14 Қазан 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Танымал қоғам қайраткерінің артында ұл-қызы, немерелері мен жары қалды.  Қоштасу рәсімі Мақсұт Нәрікбаев соңғы 15 жылда басшылық еткен Қазақ гуманитарлық заң унивесритетінде өтті. Кезінде Жоғарғы сотты басқарып Бас прокурор болған тұлғаны шығарып салуға келген адамның қарасы көп. Жұрт марқұммен қоштасу үшін 3 сағат ұзын-сонар кезек күтті. Қаралы жиынның басы-қасында Астана әкімі, Жоғары сот төрағасы мен Бас прокурор да жүр. Нұрсұлтан Назарбаев та студент күннен сенімді серігінің қайғысына ортақтасып, отбасына барып көңіл айтыпты. Ал, табытты оқу орнынан еліміздің Құрмет қарауылы көтеріп шығып, Астана маңындағы ұлттық пантеонға апарып жерледі. Бұл мазар тек шенді-шекпенділерге арналған. Мұнда бұрынғы Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, ақын Фариза Оңғарсынова мен Саяхат Қонақаевтар жатыр. Мақсұт Нәрікбаевтың денесі төртінші болып қойылды.

-Осы оқылған құранның саубы ағамыздың рухына тие берсін….

-Қандай адам еді, жамағат?

-Жақсы адам еді.

-Аллаһ әкбар!

Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты:

-Бұл кісі қандай үлкен, жоғары лауазымды жұмыс істесе де қарапайым қазақтың бірі еді.  Қандай тақырыппен келсеңіз де алдыңыздан қарсы алып, ақыл-кеңесін айтудан жалыққан емес. Мақсұт Сұлтанұлының туған-туыстарына, ағайындарына, әріптестерінің барлығына көңіл айтамын, жатқан жері жарық болсын. 

Соңғы жаңалықтар