«НИМЭКС корпорациясы» ЖШС деп аталатын мақта компаниясының бақылаушылар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қаныбековтың айтуынша, бүгінде мақта өсіру және оны өңдеу саласында 1 млн. адамды жұмыспен қамтып отырған 1 мыңдай түрлі кәсіпорындар мен шаруашылықтар жұмыс істейді. Қазақстандағы мақта рыногының ауқымы 250 млн. долларды құрайды. Қазақстандық трейдерлер сыртқы рынокта тек отандық өнімдерді ғана емес, сонымен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанда өсірілген мақтаны да саудалауда. Сол себепті мақта өсіруші аймақ — Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпорындардың басшылығы «Мақта туралы» жаңа заң тауқыметтің әлеуметтік жағын да қамтиды деп сенген еді. Алайда, заң жобасына талдау жасаған мамандар мұндай мүмкіндікті таппады, деді Н.Қаныбеков.
«Мәселен, заң жобасында көрсетілгеніндей, өңдеуші кәсіпорын тек мақтаны сатып алып өңдеуге ғана құқылы. Бұдан басқа қосалқы іс-қызметпен айналысуға мұрсат берілмеген. Ал ауылшаруашылығы министрлігі қандайбір сот қарауынсыз, өткізілетін шикізат иесінің өтініші бойынша сыртқы басқаруды енгізу құқығын өзі иемденіп алған»,- деді Н.Қаныбеков. Сонымен бірге заң жобасында өңдеуші кәсіпорындарға өз мүлкін кепілдікке қоюға тыйым салынған, ал бұл өндірісті жаңалау үшін банктен қарыз алуға мүмкіндік бермейді, деді ол.
Сонымен бірге министрлік мақта түсімін арттыру функциясын өзіне жүктеп алған, «бірақ бұл жерде Қазақстанда мақташы-ғалымдардың жоқтығы есепке алынбаған, ал біз барлық әдістемелер мен тұқымдық материалдарды Өзбекстаннан аламыз. Онда қажетті инфрақұрылым дамыған»,- деді НИМЭКС корпорациясының жетекшісі. Оның айтуынша, соның нәтижесінде 2004-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 470 мың тонна шикі мақта жиналды. Ал 1990-жылы 200 мың тонна шикізат жиналған болатын.
«Оңтүстік Қазақстан облысында мақта кластерін құру жұмыстары мен «Мақта туралы» заң жобасын жасау бір-біріне қайшы келіп отыр»,- деп пайымдайды Н.Қаныбеков. «Ауылшаруашылығы министрлігіндегілер де біздің осы жөніндегі сауалымызға бұл — екі түрлі жоба деп жауап берді»,- деді ол.
Компания жетекшісінің хабарлауынша, ауылшаруашылығы министрлігі ұсынған заң жобасы мақта рыногын 10 жылға кері шегереді, өйткені ол құрылымы жағынан 1995-жылғы «Астық туралы» заңмен бірдей.