Марафоншы VII-ші қысқы Азия ойындары астаналарының арасын жаяу жүгіріп өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марафоншы VII-ші қысқы Азия ойындары астаналарының арасын жаяу жүгіріп өтті

Марафоншы VII-ші қысқы Азия ойындары астаналарының арасын жаяу жүгіріп өтті

Марафоншы Дулат Иманқажы бүгін өзінің белгілеген межесі - Астанаға келіп жетті. Қазанның 7-сі күні Алматы қаласынан жолға шыққан ол, марафондық жүгірісін VII-ші қысқы Азия ойындарының құрметіне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаған.

  • 25 Қазан 2010
  • 544
Фото - Caravan.kz

Д. Иманқажыға Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті дирекциясы, сонымен қатар өзі мүшесі болып табылатын Алматының марафоншылар клубы қолдау көрсеткен. VII-ші қысқы Азия ойындарының екі астанасының арасын жаяу жүгіріп өткен Д. Иманқажы бұл спортпен 4 жылдан бері айналысып келеді.

«Жол бойы кездескен елді мекендерде тұрғындармен жүздесіп, салауатты өмір салтын насихаттап келдім»,-дейді марафоншы.

«Астана мен Алматы қалаларында болатын қысқы Азия ойындарын халық болып, мемлекет болып насихаттап жатсақ, біз үшін абыройлы болар еді. Мысалға, біздің елге киноның атақты әртістері келіп жатыр. Сол сияқты спортта да осындай әйгілі спортшылар келіп, Қазақстанды танытып жатса, өте жақсы болар еді. Сондықтан осы шараға мен де өзімнің бір ниетімді көрсетсем дедім. Мақсатымыз, рухымыз бір болса, талай табысқа жетуге болады», дейді Д. Иманқажы.