Марат Бисенғалиевтің концертіне арналған баспасөз мәслихаты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марат Бисенғалиевтің концертіне арналған баспасөз мәслихаты

Марат Бисенғалиевтің концертіне арналған баспасөз мәслихаты

19 сәуір күні сағат 11:00-де "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығында (Алматы, Республика алаңы 15, 6-қабат) Марат Бисенғалиевтің концертіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді, одан жиналған қаржы Қызылорда облыстық перинатальды орталық реанимациясының балалар бөлімі үшін медициналық жабдық сатып алуға жұмсалмақ.

  • 19 Сәуiр 2012
  • 441
Фото - Caravan.kz

Баспасөз мәслихатына музыкант Марат БИСЕНҒАЛИЕВ, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Серік ИГЕМБАЕВ, «Сбербанк» АҚ-ның еншілес банкі басқармасы төрағасының орынбасары Анатолий ПОНОМАРЕВ, Британдық-Қазақ Қоғамының президенті Гаухар БРАМЛЕЙ-ФЕНТОН, «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді СӘРСЕНОВ қатысады.

Концертті дайындау және өткізу барысында 19 357 200 теңге жинау көзделген. Марат Бисенғалиев, Жамбыл атындағы филармонияның мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, симфониялық және филармониялық оркестрлердің жұлдыздары Әмір және Ғалия Бисенғалиевтер бұл концертті тегін қояды.
Аккредитация үшін телефондар: (+7-727) 266-63-82, 266-63-83, e-mail: press2@interfax.kz

Перейти к новостям спорта