Бұл турнирге Парламент, Президент Әкімшілігі, Үкімет Кеңсесі, «Нұр Отан» ХДП және «Хабар» агенттігі, «Егемен Қазақстан» газетінің командалары қатысты.
Тартысты өткен жарыста Парламент командасы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаға кубок табыс етілді.
Жарыс қорытындысында Мәжіліс депутаты Ромин Мәдинов үздік қақпашы, Президент Әкімшілігі командасының ойыншысы Тимур Тәшімбаев — үздік қорғаушы, «Хабар» агентігі командасының ойыншысы Сәрсенбек Балабеков үздік шабуылшы жүлдесіне ие болды. Ал ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары Сатыбалды Дәулетәлин турнирдің үздік ойыншысы болып танылды. Жеңімпаздарға ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров жүлделерді табыс етті.
Дәстүрге айналған бұл турнир «Алатау» спорт кешенінде өткен болатын.