Марғұлан Сейсембай әнұран туралы: "Менің Қазақстаным" сияқты отбасы-ошақ қасы ән секілді болмау керек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марғұлан Сейсембай әнұран туралы: "Менің Қазақстаным" сияқты отбасы-ошақ қасы ән секілді болмау керек

Марғұлан Сейсембай әнұран туралы: "Менің Қазақстаным" сияқты отбасы-ошақ қасы ән секілді болмау керек

Соңғы кезде БАҚ пен әлеуметтік желіде еліміздің әнұранын өзгерту немесе бұрынғы нұсқасын қайтаруға қатысты әртүрлі көзқарас пайда болды.

  • 28 Қаңтар 2022
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен қоғам қайраткері және бизнесмен Марғұлан Сейсембайдың айтуынша, Қазақстанның қазіргі әнұранын ауыстырып, 2006 жылға дейінгі болған гимнін қайтару керек.

Қазіргі әнұранды ауыстыру қажет. Себебі ескі гимнің мәтіні мен сөздерінің мәні терең де ауқымды. Қазіргі әнұранның мән-мағынасы әлдеқайда жеңіл,

— дейді Марғұлан Сейсембай.

Бұл мәселеге жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков та пікір айтты.

Әнұранды ауыстыру керек. Гимн авторларының бірі қылып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын қосып қоюдың өзі ыңғайсыз жағдай. Осының барлығы жағымпаздардың тірлігі. Бұрынғы біздің гимніміз қандай әуезді еді. Соның сөзін өзгертіп, бұрынғы әуенін қалдыруымыз керек. Жалпы гимнді екінің бірі айта беретін, мына "Менің Қазақстаным" сияқты отбасы-ошақ қасы ән сияқты болмау керек. Әнұран деген ерекше болуы керек емес пе?! Қазір гимнді жұрттар арақ ішіп те, анау да, мынау да әнұранды өлең қылып айта беретін болды. Былайша айтқанда гимн қолжаулық әнге айналып бара жатыр. Сондықтан бұрынғы Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский жазған гимнге оралғанның ешқандай айыбы жоқ. "Еркіндік аңсаған" деген сөздерін алып тастап, бүгінгі Қазақстанға лайықтап, ақындарға жақсылап сөзін жаздыру керек, — деді Дулат Исабеков.


Құрметті оқырман, қазіргі әнұранды өзгертуді қолдайсыз ба? Өз пікіріңізді төмендегі сауалнама арқылы білдірсеңіз болады.