Мария Шарапова Мадридтегі турнир жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мария Шарапова Мадридтегі турнир жеңімпазы атанды

Мария Шарапова Мадридтегі турнир жеңімпазы атанды

Ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова Мадридте Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) турнирінің ( жүлде қоры - 5,5 млн. доллар ) жеңімпазы атанды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

  • 12 Мамыр 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Шешуші кезеңде Шарапова Румыния теннисшісі Симона Халепті 1:6, 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Өз кезегінде жеңімпаз: «Біз Симона екеуіміз бұрын да кортта кездескенбіз, бірақ ол соңғы кезде жоғары деңгейде ойнап жүр. Шынымды айтсам, оны қалай жеңгенімді білмеймін. Бірінші сетте оның осал тұсын таба алмадым.  Сондықтан екінші сетте ойын мәнерімді өзгертуім керек екенін түсіндім. Бірінші кезеңде ойсырай жеңілсем де, мойымай, жеңіске ұмтылдым» деді.

Айта кетейік, Мария былтыр дәл осы турнирдің финалынан аса алмаған. Оның жолын америкалық Серен Уильямс кескен еді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера