Марк Кавендиш кезекті жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марк Кавендиш кезекті жеңісіне қол жеткізді

Марк Кавендиш кезекті жеңісіне қол жеткізді

“НТС -Коламбианың” намысын жыртып жүрген британиялық  велошабандоз  Марк Кавендиш “Тур де Франстағы” кезекті жеңісіне қол жеткізді.  Мәре алдындағы спринтерлік бәсекеде неміс Андре Грайпель америкалық Тайлер Фаррар және ресейлік Денис Галимзяновтың алдын орап кеткен Марк Кавендишкелесі жарыс жолына үздік спринтер ретінде үстіне жасыл жейде киіп шығатын болады.  

  • 15 Шiлде 2011
  • 517
Фото - Caravan.kz

Блэ-ле-Мин мен Лавор  арасындағы 167,5 шақырымдық жорық бұл жолы велокеруен үшін серуенмен тең болды. Артық қимылға бара қоймаған  пелотон,  ә дегеннен  ұзап кеткен  қашқындарды мәреге санаулы шақырым қалғанда  орталарына қосып алды. Не керек, сөре алдындағы тур жолда өзара салғыласқан спринтерлер додасында  алғырлық танытқан Марк Кавендиш осымен биылғы “Тур де Франстағы ” үшінші  жүлдесін қанжығаға байлады. Бүгінгі кезеңнің нәтижесі  жалпы есептегі жағдайға айтарлықтай өзгеріс енгізе қойған жоқ.  Сары жейде француз Томас Фоклердің үстінде қалса,  “Рабобанк” клубының өкілі  испаниялық Луис Леон Санчес — екінші, ал австралиялық Кадель Эванс әзірге үшінші орында.   

 Футболдан  әйелдер  арасында  өтіп жатқан  әлем біріншілігінің финалдық жұбын  АҚШ пен Жапония құрама командалары құрады. Германияда өтіп жатқан чемпионаттың  жартылай сынында  америкалықар  3:1 есебімен  Францияны ұтса, ал Жапония дәл осындай нәтижемен  Швециядан алда болды. 

АҚШ  пен Франция арасындағы бәсекені тамашлаған көпшілік алғашқы голды көп күткен жоқ.  Ойын басталысымен тізгінді өз қолдарына алған америкалық бойжеткендер  кездесудің  тоғызыншы минутында Лорен Чейнидің көмегімен есеп ашты. Француздар қанша тырысқанымен,ойынның бірінші жартысында гол соға алмады. Дегенмен үзілістен кейін ширақ ойынға кірісікен  үш жолақтылар  әупірімдей жүріп,есепті теңестіріп үлгерді. Бұл эпизодта  көзге түскен  Соня Бомпастор керемет голдың авторы атанды. Алайда  ойынның аяғына дейін Франциядан келген нәзік жандар жауапсыз екі гол жіберіп алды. 79-шы  минутта Эбби Вамбах мергендігімен танылса,  матч соңына таман   Алекс Морган АҚШ қа финалға жолдама сыйлады.


Ал Франкфуртте өткен екінші жартылай финалда Швеция мен Жапония  құарама командалары  өзара  мықтыны анықтады.

Тартысты өткен кездесуде 10-шы минутында швециялық  Эквист  есеп ашқанымен,  араға тоғыз минут салып, Кавасуми есепті теңестіріп кетті. Бірінші тайм осылайша тең аяқталды. Ал үзілістен кейін Жапония ойыншыларын тоқтату мүмкін болмады. Сава мен Кавасуми бір-бір голдан соғып,күншығыс еліне керемет жеңіс әкелді. Финалдық кездесу 17шілде күні Берлинде  өтеді.

Футболдан Америка кубогы үшін жарыстың  ширек финалында  күш сынасатын  ұлттық құрамалар жұбы түгел белгілі болды. Топтық кезеңді сылбыр бастаған  Аргентина құрамасы соңғы ойында 3:0 есебімен Коста-Рикадан басым түсті. 

Енді бас бапкер Серхио Батистаның шәкірттері алдағы ширек сында  Уругвайды сынаққа алады. “А” тобында бірінші орын алған Колумбия  футболшылары Перудің шамасын байқап көрсе, Бразилия Парагвайды, ал  Чили құрамасы Венесуэламен кездеседі. Ширек финалдық бәсекелер шілденің 17-18 күндері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар