"Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы" Қазақстанда мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытудың бас жоспарын 2005-жылғы мамыр айында жария етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы" Қазақстанда мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытудың бас жоспарын 2005-жылғы мамыр айында жария етеді

"Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы" Қазақстанда мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытудың бас жоспарын 2005-жылғы мамыр айында жария етеді

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің "Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ Қазақстанда мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытудың бас жоспарын 2005-жылғы мамыр айында жария етеді. Бұл туралы бүгін, 18-наурызда "Қазақстандағы мұнайхимиясы саласының келешегі" тақырыбындағы І халықаралық конференция барысында "Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ басқармаларының төрағасы Нұрлан Құсайынов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Наурыз 2005
  • 1098
Фото - Caravan.kz

Бас жоспарды «Nexant Limited» консалтингтік компаниясы «Қазақстанда мұнайхимиясы өндірістерін дамытудың экономикалық тиімділігін бағалау» жобасының аясында жасап жатыр . Жобаның мақсаты — мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытуға және шетелдік инвесторларды тарту стратегиясын анықтауға қажетті нұсқаулар әзірлеу, Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын зерттеу болып табылады.

Н.Құсайыновтың айтуынша, бүгінде «Nexant Limited» консалтингтік компаниясы жобаның бірінші сатысын аяқтап, екіншісіне ден қойды. Компанияның алдын-ала қорытындысына сәйкес, Қазақстанда мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытуға қажетті шикізат, көлік тораптары мен мұнайхимиясы өнімдерін сататын Үндістан және Қытай сынды дамушы рыноктар бар.
«Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мен «Nexant Limited» компаниясы консалтингтік қызмет көрсету туралы келісім-шартына 2004-жылдың 17-қарашасында қол қойған.

Перейти к новостям спорта