Монархтың, ел басшылығы өкілдерінің, шетелдік дипломаттардың қатысуымен болатын Тақ күніне арналған шаралар Рабаттағы король сарайында өтеді. Дәстүр бойынша, VI Мухаммед сөз сөйлейді.
XVII ғасырдан Марокконы билеп келе жатқан Алауиттер әулетінің өкілі король VI Мухаммед өзінің әкесі II Хасан қайтыс болғаннан кейін 1999 жылы шілде айында таққа отырған. Оның әкесі 38 жыл тақта отырған. Билікте отырған 16 жылда VI Мухаммед өзін жүйелі реформатор және нақты істерді жүзеге асыратын көшбасшы ретінде көрсетті.