Рақымшылық туралы жаңалық Мароккодағы революцияның 64 жылдығы қарсаңында жарияланды. «Рақымшылыққа іліккендер ресми түрде ұлт құндылығын қолдайтындықтарын айтып, экстремистік және террористік әрекеттерден бас тартатындықтарын жариялаған. Сондай-ақ олар қамауда болған уақытта тәртіпсіздіктерге бойы алдырмай, өздерін жақсы жағынан көрсетті»,-делінген министрліктің хабарламасында. Айта кетейік, 18 тамыз күні Марокко азаматы Финляндияның Турку қаласында теракт ұйымдастырды. Осы әрекет бойынша 5 марокколық ұсталған болатын.