Маршал Иван Конев: Сталиннің жеңісі - бүкіл халықтың соры - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маршал Иван Конев: Сталиннің жеңісі - бүкіл халықтың соры

Маршал Иван Конев: Сталиннің жеңісі - бүкіл халықтың соры

Көпшіліктің санасында атақты "Жеңіс маршалдарының" бәрі бірдей Сталинннің данагөйлігі мен соғыстағы жетістіктеріне мәз болып жүрді деген ой қалыптасқан. Бірақ көз көргендер мүлдем олай еместігін айтып отыр.

  • 11 Мамыр 2017
  • 4483
Фото - Caravan.kz

Академик, генерал-полковник, Із-түссіз жоғалған және қаза тапқан Отан қорғаушыларды іздеу және мәңгі есте қалдыру орталығының президенті Степан Кашурко сол атақты маршалдардың бірі — Иван Коневтің ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болған. 

Степан КашуркоСтепан Кашурко 

"Новые известия" газеті оның өзіне Коневтің жеңіс туралы ойын қалай жаздырғаны туралы естелігін жариялады. Caravan.kz медиа-порталы содан үзінді келтіруді жөн деп тапты.

"Жеңіс деген не? — деді Конев. — Біздің, Сталиннің жеңісі ме? Ең дұрысы, бұл — бүкіл халықтың соры. Кеңес халқының көптеген адамдардың қаза табуына байланысты аза тұтатын күні. Бұл — көл болған көз жасы мен судай аққан қан. Жарымжан болған миииондаған адам. Жетім қалған миллиондаған бала мен дәрменсіз қарттар. Миллиондаған тағдыр тәлкекке ұшырады, отбасылар құрылмай қалды, балалар туылмай қалды. Отанымыздың миллиондаған патриоты фашистердің, сосын кеңес лагерлерінде азап шекті".

Осы сәтте дірілдеп кеткен қолымнан қаламым тура тірі жан сияқты сусып шығып кетті.


— Жолдас маршал, мұны ешкім жарияламайды ғой! — дедім жалынғандай болып.

— Біліп ал, жаз. Қазір жарияламайды. Есесіне ұрпақтарымыз шығарады. Олар жеңіс туралы әдемі ертегіні емес, шындықты білуі керек! Мына қанды қырғынды білуі керек! Бұл болашақта қырағы болып, адам кейпіндегі жын-перілердің, соғыс отын тұтандыру шеберлерінің билік басына шығып алуына жол бермеу үшін қажет. 

PS: Бұл жағдай Жеңістің 25 жылдығы қарсаңында болған.

Соңғы жаңалықтар