Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
NASA таратқан мәліметке қарағанда, бұл шаңды құйын роверден шамамен 5 шақырым қашықтықта байқалған.
Селфи суреті – Perseverance-тің робот қолындағы камера арқылы түсірілген 59 кадрдың жиынтығы. Оны жинауға бір сағатқа жуық уақыт кеткен.
Артқы жақта шаңды дүлейдің болуы бұл суретті ерекше, тіпті классикалық етеді, – дейді камераны құрастырушы Malin Space Science Systems компаниясының визуализация маманы Меган Ву.
Суретте марсоход бұрғылаған соңғы сынама да көрінеді. Бұл – Perseverance-тің Марстағы 1500-ші күні, яғни Жер уақытында 1541 күнге тең.
Қазір ровердің үстін қызыл шаң басқан. Бұл – ол бұған дейін көптеген жынысты бұрғылағанының нәтижесі. 2020 жылы ұшырылған аппарат Жерге әкелінуі мүмкін сынамаларды жинап жатыр. Ол Марстағы ежелгі өзен сағасы – Езеро кратерінде жұмыс істеп жүр.