Жарияланды: 440

Марста гүл табылды

«Курьозити» есімді американдық аппарат Марстағы зерттеу жұмыстарын жалғастыруда, соның барысында талай қызықтарды анықтау үстінде, деп хабарлады Infuture.

Аппаратпен түсірілген фотоларды жинап, ғалымдар екі қызықты мозаика түрінде фото жасап шығарды. Суреттердің бірінде басылып қалған ашық түсті, топырақтан шығып келе жатқан гүлге ұқсас зат бейнеленген. Ғалымдар бұл «жаңалықты» «Марсиандық гүл» атады. дегенмен марсиандық гүлде органика жоқ. Алайда ғалымдар «Марсиандық гүл» атанып кеткен құпиялы зат жөнінде түрлі болжамдар жасауда. 400 адам - 250 ғалым мен 160-қа жуық инженер Жерден аппараттың жұмысын қамтамасыз етеді. Олардың барлығы бұл құпияны ашуға тырысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін