«Мәртебесі жоқ, үйі жоқ журналист қайтып күн көрер?..» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәртебесі жоқ, үйі жоқ журналист қайтып күн көрер?..» - республикалық басылымдарға шолу

«Мәртебесі жоқ, үйі жоқ журналист қайтып күн көрер?..» - республикалық басылымдарға шолу

«Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдал Разакпен кездесті», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгін санындағы «Мүддестік мұраты» деген тақырыппен жарияланған мақалада. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы саяси, сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланғпан.

  • 7 Маусым 2011
  • 767
Фото - Caravan.kz

***

«Алаш айнасы» басылымының бүгінгі нөмірінде «Депутат Халмұрадов министр Құл-Мұхаммедтің көкейіндегі сырды ашып қойды» деген тақырыппен мақала басты. Газеттің жазуынша, министр Мұхтар Құл-Мұхаммед кеше Үкімет сағатында алдағы онжылдықтағы тіл саясатының басты мақсаты туралы баян еткен. «Соған сәйкес, тілдерді дамытудың алдағы онжылдықтағы басты мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностар тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың мағызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүзеге асыру», — делінген мақалада. Дегенмен тіл саясаты бағдарламасына байланысты депутат Розақұл Халмұрадовтың өзгеше пайымы бар болып шыққан. Бұл туралы толығырақ басылымның бүгінгі санынан оқи аласыздар.

***

«Өткен жексенбі күні Малайзия Үкіметінің басшысы Дато Сри Мохд Наджиб Тун Абдул Разак қазақ жеріне табан тіреді. Ал кеше Президент Н.Назарбаев елімізге ресми сапармен келген мәртебелі мейманды өз Ақордасында қабылдады», — деп жазады «Айқын» басылымы бүгінгі санында шыққан «Қазақстан — «Халал орталығы» болмақ» деген тақырыппен берілген мақалада. «Кеше Қазақстан мен Малайзия мұнай-газ саласында ынтымақтасуға уағдаласты. Келіссөздер кезінде Елбасы Н.Назарбаев осы елдің Petronas компаниясын Қазақстандағы мұнай-газ жобаларына қатысу бағытында келіссөздерді қарқынды бастауға шақырған. Малайзия Премьер-министрі өздерінің Қазақстанды Орталық Азиядағы «халал орталығы» ретінде қарастыратындығын мәлімдеді. Сондықтан Ақордадағы келіссөздер барысында да екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзара іс-қимыл мәселесі талқыға салынған», — делінген мақалада.

Бүгінгі нөмірінде «Айқын» басылымы тіл мәселесін қозғап отыр. «Министр латын қарпіне көшуді қолдайды» атты мақалада Мәдениет министрі Мұхтар Абрарұлының өзі латын қарпінің жақтайтындығын жазады. «Оның айтуынша, қазіргі кириллицаға құрылған қазақ әліпбиінде 41, орысшада — 33, арабшада — 28, ал, латын алфавитінде бар-жоғы 25-26 әріп қана бар. Яғни, латыншада тез жазу мүмкіндігі мол. Министрдің пікірінше, техникалық дәуірлеу осыны талап етеді, әрі ұялы телефондар мен компьютерлерді латын қарпінде пайдалану — ыңғайлы», — делінген мақалада.

Сондай-ақ «Айқын» басылымы қазақ тілшілерінің мұңы мен түйіткілдері туралы өзекті мақала жариялады. «Мәртебесі жоқ, үйі жоқ, жорналшы қайтып күн көрер?..» деп аталатын материалда осы уақытқа дейін қолына қалам ұстаған ағайынның әлеуметтік жағдайы билік пен әкім-қаралардың назарынан тыс қалып келетіндігі айтылады. «Халықтың мұңын ресми билікке жеткізіп жүргенде, өзінің қажетін айтуды ұмытып, «сыртқа жүнін қампайтып» қана жүретін халық бұл. «Төртінші билік» деген — тек аты, әйтпесе, ресми үшеуінің заңды әлеуметтік мәртебесі белгіленгенде, бұлар тағы да көлеңкеде қап қойған», — делінген мақалада. Басылымның айтуынша, бүгінгі таңда тілшілер қауымы тұрғын үйдің зардабын тартпас үшін мемлекет тарапынан бірде-бір мүмкіндік қарастырылмаған.

***

«Казахстанская правда» газетірнде жарияланған«Стратегическим курсом партнерства» деп аталатын мақалада кеше Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Малайзия Үкіметінің басшысы Дато Сри Мохд Наджиб Тун Абдул Разакты қабылдағандығын жазады. Басылымның жазуынша, малайзиялық мәртебелі қонақтың сапары бүгін Астанада басталатын Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына арналып отыр. Дегенмен, бұл Қазақстан мен Малайзия ынтымақтастығын одан әрі күшейте түсуге бағытталған кездесу болды. Кездесу барысында инфрақұрылымдық даму, энергетика, мұнайгаз және құрылыс секторлары, металлургия, өңдеуші сала, коммерциялық білім беру салалары бойынша ықпалдастықтың тереңдету жөнінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар