Маржан Сәдуақасова: Шетелдіктер Қазақстанның табиғатына құштарлықпен қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маржан Сәдуақасова: Шетелдіктер Қазақстанның табиғатына құштарлықпен қарайды

Маржан Сәдуақасова: Шетелдіктер Қазақстанның табиғатына құштарлықпен қарайды

Елімізде отандық туризм қаншалықты дамыған? Шетелден келетін туристер көп пе? 

  • 14 Ақпан 2019
  • 176
Фото - Caravan.kz

Осы сұрақтарға көптеген шетелдерді әрі Қазақстанның басым көпшілік жерлерін саяхаттаған журналист Маржан Сәдуақасова жауап берді.

— Маржан, біраз ел көрдіңіз, жер көрдіңіз, тіпті қасиетті Меккеге дейін барып келдіңіз. Шетел көрген адам ретінде айтыңызшы. Біздің елдің туризмы қаншалықты дамыған?

— Өзгелері секілді біраз елді көрдім деп ауыз толтырып айта алмаспын. Дегенмен, өзіме ұнайтын жерлерді көрдім деп айта аламын. Себебі, менің ең алғашқы шетелге шығуым ол біздің көрші еліміз Өзбекстан болатын, сол елден бастадым. Одан кейін Түркия, одан кейін Европаны араладым. Европаның Австрия, Италия, Словения, Чехословакия елдерінде болдым. Сонымен қатар, Араб әмірлігінде екі рет  бардым. Өйткені, бір рет барғанда барлығын көріп үлгермедім. Египетте болдым, одан кейін биыл мұхит асып, АҚШ еліне де барып келдім. Ол жаққа виза алу көп адамдарға қиынға соғып жатады, Алланың бұйрығы шығар маған виза тез бұйырды. Бірнеше елдің мәдениетін, танымын көргеннен кейін, мен жанымның, жүрегімнің тыныштығын іздедім, ол тыныштықты қасиетті Меккеден таптым. Меккеде және Медине қаласында болдым. Мұслыман болғандықтан, қажылық бізге парыз етілгендіктен әзірге кіші қажылыққа барып қайтқан жайым бар. Алла тағала барлық қазақстандық бауырларымызға бұйыртсын деп тілеймін. Жалпы, саяхатты жақсы көретін адаммын. Тек қана шетелде ғана емес, өз елімде де саяхаттағанды жақсы көремін. Мен өз елімнің патриоты ретінде бірінші өз елімнен бастаған дұрыс қой, сол себепті Қазақстанның тек екі қаласына ғана бармаған екенмін. Оның бірі Павлодар, екіншісі Орал қаласы. Маған елімнің барлық жері ұнайды. Қазақстанның туризмы ақырындап дамып келе жатыр. Дегенмен, салыстырмалы түрде басқа жермен қарағанда біздің елге әлі де көп жұмыс жасалу керектігін білемін. Бүгінгі таңда саяхат жасағысы келетін, бірақ материалдық жағдайы келе бермейтін жайттар болып жатады. Шетелде бар теңіз бізде де бар, ол каспий теңізі. Дубайдағы құм, ол бізде де Қызылорда да бар. Америкадағы үлкен гранд шатқалы бізде де бар, ол Шарын шатқалы. Шатқал деген әлем бойынша екі ақ елде бар, оның бірі біздің елде. Сол себепті, біз өзіміз патриот ретінде елімізге көңіл бөліп, еліміздің туризіміне күш салатын болсақ, біздің елге де өзге елдің тұрғындарының ағылып келетіндеріне сенемін. Өзім осы Алматы облысындағы Шарын шатқалына барғаннан кейін, екінші шатқалды да көрсем деп армандаған едім. Ол арманым да орындалдым.

— Өз еліміздің де біраз аймағында болғаныңызды білемін. Өзге елден келген туристерге жағдай жасалған ба?

— Туристерге жағдай жасалған, елімізге келетін туристер де көп. Мен Шарын шатқалында болғанымда, көптеген шетелдіктердің болғанын байқадым. Олардың басым көпшілігі немістер мен ағылшындар болды. Олар шатқалды көру үшін арнайы Қазақстанға келген. Мен Бурабайда жүргенде де, көптеген шетелдіктермен кездестім, әңгімелестім. Сол кезде білгенім, олар біздің еліміздің табиғатына құштарлықпен қарағанын байқадым. Неге дейсіздер ғой? Өйткені, оларға ең бірінші қызығы біздің елімізде төрт мезгілдің де орын алатындығы. Мысалы, Бурабайда жаздың күні суға шомылуға болатын, табиғаты өте әдемі. Ол жерде бірнеше тау бар, бірнеше тарихи орындар бар. Қыстың күні ол жерде өте керемет демалыс орындарын айтуға болады. Ол жақта адам бойымен бірдей қар да жиналады. Біздің елімізге өзіміз білмей, тіпті кейде еліміздің мүмкіндігін өзіміз байқамай жатамыз. Сол себепті, әрбір облыстың өз керемет жерлерін айта алар едім. Өйткені, біздің ел географиялық орны өте ауқымды және жақсы жерде орналасқан. Ақтауда каспий теңізі бар. Ол жерде жазда суға түсесің, ал қыс мезгілінде аққулар келеді. Мен Ақтауға қыста, арнайы аққуларды көру үшін барып тұрамын. Жылылық іздесек, оңтүстікке қарай барамыз. Шымкент қазіргі таңда маңызы бар үшінші қалаға айналды ғой. Ол жақта да бізде демалыс орындары өте көп. Денсаулығымызға байланысты болатын болса да, біздің ағзамызды тазарту мақсатында бізде минералды су ол Сарыағашта. Сонымен қатар, сәл әрі қарай жүретін болсақ сол денсаулығымызға байланысты Жаңақорғандағы балшықтар бар. Біздің Алакөліміз де бар. Қаншама біздің денсаулығымызға, біз дертімізге шипа беретін аймақ. Алакөлдің екі жағы бар. Ол жақтағы балшық пен тұзды су бізге өте ем және тіпті басқа елден сол тұзды суды іздеп келіп, соның басында жатып емделіп келіп жатқан қаншама адамдар бар. “Біздің турисіміз дамымаған” – деп көп адамдар айтып жатады ғой, мен ол пікірмен келіспеймін. Өйткені, соңғы статистикаға қарайтын болсақ соңғы екі жылдықта осы Алакөлге барушылардың саны жиі артып, тіпті ол жерде орын жетіспей, жаңадан демалыс орындарымен келушілерге бүкіл мүмкіндіктер жасалынып, тіпті орын жетпей жатқан жағдайлар бар. Сол себепті, мен соны ауыз толтырып айтар едім.

— Қазақстанның ең үздік туристік орындарын айтып бере аласыз ба?

— Ең үздік туристер аймақ ол Алматы облысы дер едім. Алматының табиғаты, барлығы маған ұнайды. Мен өзім тауды жақсы көретін адаммын, сол себепті аптасына кем дегенде бір рет міндетті түрде тауға шығып қайтамын. Алматы облысындағы Алмарасан, үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы, Медеу, Шымбұлақ және көк төбені ең үздік туристік жерлер деп айта аламын. Алматы облысында барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жазғы кезде Алакөлге және каспий теңізіне барар едім. Негізі, біздің еліміз өте бай, үздік туристік аймақтар өте көп, тіпті оның барлығын тізбектеу өте қиынға соғады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Маржан Садвакасова (@marzhansadu) on

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Маржан Садвакасова (@marzhansadu) on

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Маржан Садвакасова (@marzhansadu) on

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Маржан Садвакасова (@marzhansadu) on

 

Соңғы жаңалықтар