17 мамырда қасиетті Ораза айы басталды. Қазақстандық жұлдыздар да ұлық айда барша жамағатты құтықтап жатты. Дегенмен кейбірінің жұртты құттықтамақ болған оң пиғылы ойдағыдай шықпай қалды.
Мәселен КешYou тобының әншісі Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасына дәретханадан селфи жасап түскен суретін жүктеді. Ал астына барлық қазақстандықтарды қасиетті аймен құттықтаған жазба қалдырды. Аталған сурет бірден көпшіліктің наразылығына ұшырады. Тіпті кейбірі мұны күнә деген пікір қалдырды.
Осы себепті Caravan.kz медиа-порталы қазақстандық жұлдыздардың қасиетті айда қандай «күнәлар» жасағанын еске түсіріп көрді.
Қазақстандық режиссер мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды, 2012 жылы
Қазақстандық жас режиссер әрі сценарист Фархат Шәріповті шілденің 26-сынан 27-не қараған түні жол сақшылары ұстады, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Полиция оны жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Ал кейін жігіттің ішімдік ішкені анықталды. Басылымның жазуынша, ұсталған жас режиссер полиция қызметкерлері мен тілшілерге нағыз шоу көрсеткен. Фархат камераға, «мас болып келе жатқанда полция ұстап алып, оны көлікке отырғызды», деп ақталған.
Мас әнші полиция қызметкерін тістеп алды, 2014 жыл
22 шілде күні Алматыда "Дауыс International" тобының бұрынғы әншісі Жадыра Құтпанова мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері ұстаған кезде айғай-шу шығарған әншінің ерсі қылығы атақты Линдси Лоханды еске түсіретін еді. Әнші полицияны тістеп алды.
Бұған қоса ол жол сақшыларына пара ретінде 20 мың теңге ақша бергенін мәлімдеген.
Баян Есентаеваға шабуыл, 2016 жыл
10 маусым күні тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаеваға өзінің күйеуі шабуыл жасады. Ауыр пышақ жарақатын алған продюсер Талғар аудандық ауруханасына жеткізіліп, шұғыл түрде ота жасалды.
«Бақытбек Есентаев мас күйде өзінің жиенімен бірге Түркиядан ұшып келген Баянды күтіп алған. Жолда араларында ұрыс-керіс болған. Ол ашу үстінде өзінің жұбайын соққыға жығып, ішіне пышақ сұғып алды»,- деп хабарлады Алматы қалалық ІІД.
БАҚ мәліметтеріне қарағанда бәріне қызғаныш себеп болған.
Қайрат Нұртастың әрекеті, 2017 жыл
Oinet.kz басылымының жазуынша, еліміздің әртістері ораза ұстап, намаз оқитындықтарын және қажылық сапары жайлы үнемі жария етіп отырады. Мысалы Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртастың Меккеге сапары Қазнетте мыңдаған лайк жинаған.
Бірақ мұның екінші жағы бар.
— шариғатта өзін өзі жарнамалау үшін, мақтану үшін жасалған іс-әрекет – екіжүзділік болып табылады, дейді діндарлар. Олардың ойынша, мешіттің ішінде немесе намаз оқу сәтін суретке түсіріп әлеуметтік желіге жүктеу рия болып табылады.
Ресей телеарнасында жалаңаштану, 2018 жыл
Altyn girls тобының бұрынғы әншісі Назима Жәнібекова ТНТ арасында «Песни» музыкалық байқауына қатысты. Ол өзінің талантымен ресейлік рэппер Тиматиді таң қалдырды.
Бірақ қазақстандықтар отандасының санхаға шығуын сынға алды. Әсіресе оның ашық-шашық киініп шығу көпшілікке ұнаған жоқ.