”Мас күйінде келіп, 32000 теңгеге виски тапсырыс берді”: Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мас күйінде келіп, 32000 теңгеге виски тапсырыс берді”: Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды

”Мас күйінде келіп, 32000 теңгеге виски тапсырыс берді”: Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды

Эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды.

  • 17 Маусым
  • 153
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

makulova_symbat есімді Threads қолданушысы әкесінің мерейтойында өнер көрсеткен Төреғали Төреәліден көңілі қалғанын айтты. Оның айтуынша, өнер иесі тойға мас күйінде келіп, ұйымдастырушылардан ішімдік алып берулерін талап еткен.

”Әкеміздің 55 жылдық мерейтойына бізге Төреғали Төреәлідің өнер көрсетуі сыйлық ретінде тарту етілді. Біз бұл нағыз мереке болады деп ойладық… Бірақ ол жарты залға дейін арақ иісі аңқып, мас күйінде келді де, ұйымдастырушылардан 32 000 теңгеге виски әперуді талап етті. Бұл — 50 мл-ден 8 шот, яғни 400 мл. Ол: «Қазір сахнаға шықпасам, мүлде кетіп қаламын», – деп айқайлады. Фонограммамен айтып тұрғандықтан өнер иесіне ретінде де, адам ретінде де толықтай көңіліміз қалды”, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге емделу керек екенін жарыса жазуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі ағымдағы жылдың наурыз айында еліміздің бірнеше қаласында жоспарлан концерттерін денсаулық жағдайына байланысты кейінге шегерген еді.