Премьер-министр Олжам Бектенов Ішкі істер министрлігіне мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Жыл басынан бері 6 миллионға жуық жол ережесін бұзудың жолы кесілді. 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай тәртіп бұзатындарға өте қатаң шаралар қолданылуы қажет», — деді ол.
Үкімет басшысы Үкіметтің бұл мәселедегі басты міндеті адам өмірін сақтау екенін еске салды.
«Сондықтан осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдерін қайтадан қарау қажет деп санаймын. Біздің басты міндетіміз – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авариялар мен өлім-жітімді азайту. Ол үшін жүйелі іс-шараларды әзірлеу керек», — деді Олжас Бектенов.