Мас полицей әріптестерінен қашамын деп екі адамды қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас полицей әріптестерінен қашамын деп екі адамды қағып кетті

Мас полицей әріптестерінен қашамын деп екі адамды қағып кетті

Петропавлда мас күйде көлік жүргізген тәртіп сақшысы әріптестерінен қашамын деп екі әйелді қағып кетті. Соңғы бір аптада бұл өңірде осымен екінші полицей жол апатына себепкер болып отыр. 

  • 13 Қараша 2013
  • 297
Фото - Caravan.kz

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкері Жігер Хамзин рұқсат етілмеген жерге көлігін қаңтарған. Әкімшілік хаттама толтырмақ болғанда жол-патрульдік полициясының қызметкерлері оның удай мас екендігін байқапты. Құжат көрсетуді талап еткенде әріптестеріне капитан қарсылық көрсетіп, «Мерседесімен» із суытпақ болған. Онда да жүруге тыйым салынған  көшемен безіпті. Жолай екі әйелді қағып кеткен оның машинасы ағашқа соғылып барып тоқтаған. Жеңіл жарақат алған тұрғындар қазір үйлеріне жіберілген. Айта кетейік, өткен аптада ғана үш көлікті соққан полиция полковнигі Владимир Зиборов та жұмыстан қуылған болатын. Енді  27 жастағы капитан да оның тағдырын қайталап отыр.    


Мәдина Балғашұқова, СҚО ІІД баспасөз хатшысы:  

— Тәртіптік кеңестің шешімімен полиция капитаны Жігер Хамзин ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды. Соққы жасау фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып, заңмен көзделген шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.