Мас жүргізуші бір топ жасөспірімді қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас жүргізуші бір топ жасөспірімді қағып кетті

Мас жүргізуші бір топ жасөспірімді қағып кетті

Архангельск облысында мас жүргізуші көлікке ие бола алмай, бір топ жасөспірімді қағып кетті. Салдарынан 13 және 16 жас аралығындағы жеті адам зардап шекті. 

  • 24 Тамыз 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өңірлік ІІМ МБ баспасөз қызметінен хабарланды.

Апат 22 тамызда кешке Урдома кентінде орын алды. ІІМ МБ өкілінің ақпаратынша, "Шевроле Спарк"  жүргізушісі мас болғандықтан көлікті басқара алмай жолдың жиегінде жүріп бара жатқан бір топ баланы қағып кеткен. Салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді.

Жүргізуші ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Ол бұл қылмысы үшін 4 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. 


Соңғы жаңалықтар