Мас жүргізуші ойын алаңындағы балаларды басып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас жүргізуші ойын алаңындағы балаларды басып кетті

Мас жүргізуші ойын алаңындағы балаларды басып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында араққа сылқия тойып алған жас жігіт, көлік тізгініне ие бола алмай үй алдындағы құмда ойнап отырған екі баланы қағып кетті. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық ІІД мәліметіне қарағанда, көлік ішінде тағы бір қыз бала болған. Ол да жеңіл жарақат алып ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға кешқұрым Явленка ауылында орын алған. Қазір кінәлі азамат 15 тәулікке қамауда отыр.

  • 20 Шiлде 2011
  • 600
Фото - Caravan.kz

Бірі 5, енді бірі 10 жастағы көлік қаққан екі бала алғашында мына алаңқайда алаңсыз ойнап отырған. Кенет көрші үйдің ауласынан жүйткіп шыққан “Нива” көлігі біреуін таптап өтіп, екіншісін жол бойына ұшырып жіберген. Араққа сылқия тойып алған азамат, тізгінге ие бола алмай қалғанын айтып ақталуда.

Күдікті:

— Сол үйден шықтым. Кілт салынып қалды, тежегішті бассам, басылмайды. Сосын барып соғылдым, дауалға. Ал балалар құмда ойнап отырды. Екеуі қашып үлгерді, біреу қалып қойды. Машина тоқтамады.

Машина астында қалған бала қазір Есіл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ұйқы безі езіліп, бауыры мен ішегіне айтарлықтай зақым келген дейді дәрігерлер. Екіншісі сынық жарақаттарын алған. Сонымен қатар, көлік ішінде отырған жүргізушінің жиен қарындасы да жараланыпты. 

Берік Есенов, Есіл аудандық ауруханасының хирургі:

— Бір баланың жағдайы өте ауыр. Түскен мезеттен бастам ем шаралардың барылығын қолдандық. Ішкі ағзалары қатты зақым алған, бауыры езіліп кеткен. Екінші баланың жайғдайы орташа.

25 жастағы көлік иесі балаларды қаққанымен қоймай, оқиға орнынан із суытпақ болыпты. Ал жедел жәрдем мен полицияға хабарды сол маңдағы тұрғындар жеткізген. Кінәлі азамат көп ұзамастан қолға түсті. Тексеру барысында оның көлікке мас күйінде отырғаны және жүргізу куәлігінің болмағаны анықталды. Сонымен қатар, бұған дейін де оның дәл осыған ұқсас тәртіпсіздікке барып, әкімшілік жауапқа тартылғаны белгілі болды.


Қазір ол 15 тәулікке қамауға алынды. Алайда алдағы уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.>-Жа�V�,�7Lды тұрғызатын бағана деген өте қымбат тұрады. Осыған әдейілеп ақша бөлінуі қажет. Әйтпесе,” бүгін жолын салып қойып, келесі жолы су жүргіземіз” деуге болмайды. Мәселе шешілмей, жарты жолда қалады. 

 

Оған қоса, қандастарымыз қоныстанған жер ауылдың инфроқұрылымдық жобасына енбей қалыпты. Ендігі енуі де екі талай. Десе де, мұндағы ағайын өркениеттің сырт айналып өтпесінен әлі де үмітті.

Соңғы жаңалықтар