"Мәселе ушығып кетпесін дедім": Жанқош Тұраров бұзылған үйге не үшін барғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәселе ушығып кетпесін дедім": Жанқош Тұраров бұзылған үйге не үшін барғанын айтты

"Мәселе ушығып кетпесін дедім": Жанқош Тұраров бұзылған үйге не үшін барғанын айтты

 

  • 5 Қазан 2021
  • 231
Фото - Caravan.kz

Боксшы Жанқош Тұраров Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде соққы алған сот орындаушысына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жанқоштың айтуынша, ол әпкесінің өтінішін орындап, баланы балабақшадан алып келуге барған.

«Жағдай былай болды. Әпкем «үйде бір жағдай болып жатыр, баланы балабақшадан сен алып келші», – деп өтінді. Сосын үйіне бардым. Барсам үйінің қақпасын бұзып жатыр екен. Мен бұзып жатқандардан, «күн суық, көшеде қалдырайын деп тұрсыңдар ма, үйді неге бұзып жатырсыңдар? Жағдайды түсініп алсаңдаршы», – дедім. У-шу, әпкем жылап жатыр. Өткендегі бес адам қайтыс болған жағдайды білесіздер, сондай жағдай болмасын деп «жігіттер, қойыңдар! Мәселе ушығып кетпесін», – дедім».

Оның айтуынша, «арызды қайтар» деген әңгіме болған жоқ, ол – өтірік. Сондай-ақ, үй иесі – Жанқош Тұраровтың әпкесі.


«Үй иесі – туысқан әпкем. Қарсы шағымым жоқ. «Арызды қайтарыңдар» деген әңгіме айтылған жоқ. Бұзып жатқан жігіттерге бар айтқаным «мына жерді босатыңдар» деген сөз болды. Олар бәрін бұзып тастаған. Бірақ қорқытып-үркіткен жоқпын», – деді Жанқош Тұраров.

Нысанды бұзу тоқтатылып, отбасын үйден шығармаған. Үйге қатысты мәселе көршілердің арасында болған дау-дамайдан пайда болған.