Мәшһүртанушылар ақын және философ М.Ж.Көпеевтің 155 жылдығына арнап мерейтойлық шаралар ұйымдастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәшһүртанушылар ақын және философ М.Ж.Көпеевтің 155 жылдығына арнап мерейтойлық шаралар ұйымдастыруда

Мәшһүртанушылар ақын және философ М.Ж.Көпеевтің 155 жылдығына арнап мерейтойлық шаралар ұйымдастыруда

Павлодардағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде танымал философ, ағартушы және ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 155 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар басталды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

  • 4 Ақпан 2013
  • 658
Фото - Caravan.kz

Ұлы жерлестерінің шығармашылық мұрасымен жастарды және облыс тұрғындарын «Мәшһүртану» ғылыми-тәжірибелік орталығы таныстыруда.

«Мәшһүр атын ардақтап» атты әдеби кештің алғашқы қатысушыларының бірі мектеп оқушылары болды. Дәл осы жас ұрпақ қазақ халқының ұлы қайраткерлерінің рухани-тарихи дәстүрлерін жалғастырушылар болады», — деп атап өтті орталықтың ғылыми қызметкері Нәйля Анафина.

ПМУ студенттік филармониясының аспапшы музыканттары Әсел Ахметова, Бахтияр Әубәкіров пен Зарина Мәкенова кеш көркіне айналды. Олар қазақ халық музыкасының қорындағы танымал күйлерді орындады.