Жарияланды: 680

Мәсімов 2 мыңнан астам сауалдың 10-нан астамына жауап берді

Мәсімов 2 мыңнан астам сауалдың 10-нан астамына жауап берді

Онлайн-конференция барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов конференцияға келіп түскен 2 мыңнан астам сауалдың 10-нан астамына жауап беріп, өзі үшін пайдалы қорытынды шығарыпты.

«Мұндай конференция не үшін қажет? Әрине, конференция тек конференция үшін, жәй ғана әңгімелесу үшін керек болса, онда оның қажеті жоқ. Егер осы конференцияның қорытындысы бойынша мен немесе үкіметтің кез келген мүшесі нақты шешім, шара қабылдайтын болса, онда ол мен үшін үлкен мәнге ие», - деді К. Мәсімов жұма күні zakon.kz сайтындағы онлайн конференциясы барысында. «Мен үшін көптеген сауалдар қоғамды алаңдатып отырған мәселелердің әлеуметтік кескіні және олар бойынша билік, үкімет жауап беруі тиіс...», - деді ол. Онлайн-конференция 1,5 сағатқа созылды. Бұл ретте ол сауалдардың тек азғантай бөлігіне жауап беріп үлгеріп, қалғандарына кейін жазбаша жауап беруге уәде етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін